Оқу шартының талаптарына сәйкес төлем мерзімдері. 31.12.19 ж. (алдыңғы кезең) бойынша оқу үшін бар берешекті өтеу қажет. Ағымдағы кезеңге ақы төлеу үшін студенттің немесе олардың ата-аналарының ректордың атына өтініш беруі бойынша, өтеу себептері мен мерзімдері көрсетілген мерзім кейінге қалдырылады. Уақытша төлем қабілетсіздігі туралы растайтын құжаттарды қоса берген жөн.
Q.
Оқу ақысын қалай төлеуге болады?
А.
Төлем белгіленген тәртіппен ҚР Екінші деңгейдегі банктері арқылы жүргізіледі. Ұсынылатын банктер: ЦентрКредит Банкі (кез келген филиал немесе ЕКБ), Халық банкінің қосымшасы (Homebank), Kaspi bank қосымшасы немесе бөлімшелері. Төлеушінің деректерін және студенттің аты-жөні мен ID-ін дұрыс көрсетуді, ЖОО атауын тексеруді сұраймыз.
Q.
Жатақханада тұру сомасы қалай есептеледі?
А.
Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу нақты тұрған кезеңі үшін жүргізіледі. Артық төленген жағдайда артық төленген сома оқу шотына аударылады не қайтару ресімделеді. Бұл процедура студенттің өтініші бойынша жүзеге асырылады
Q.
Төлем деректерін қайдан көруге болады?
А.
Төлем, берешектің бар/жоқ екені туралы ақпаратты университет сайтынан Жеке кабинеттен көруге болады